Русский Сайттың толық нұсқасы

"Nur Otan" партиясының "Жол картасы" аймақтағы өзекті мәселелерді шешеді,- Ө.Шөкеев

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2021
  • 2002

"Жол картасы", Түркістан облысындағы ең өзекті проблемаларды шешеді. Аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеев, "Nur Otan" партиясының облыстық мәслихатындағы фракция мәжілісінде осыны айтты. Алқалы жиында партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын талқылады. Алдағы 5 жылда аймақта ауыл шаруашылығын қолдауға басымдық берілмек. 150-ден аса жаңа кәсіпорын ашылып, соған сай жұмыссыздардың саны азаяды деген жоспар бар. Сонымен бірге баспанамен қамту да, жобада орын алған. "Жол картасы" арқылы 2025 жылға дейін облыста 214 туристік нысан салынбақ.  Мәжіліске қатысқан жобаны бір ауыздан қолдады. Енді оны партияның облыстық Саяси кеңес бюросына бекітуге жолдамақ.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 
Жол картасында әртүрлі салалар бізде қамтылған. Бұл тек қағаз жүзінде жасалған жоба емес. Бұл негізі бізде облыста істелетін, бітетін ресурстары бар, барлық жағы есеп-қисабы жасалған, сондай "Жол картасы".     

Т. Оспанбаева