Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда биыл күшті жер сілкінісі бола ма?

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2021
  • 3797

Алматыда биыл айтарлықтай ірі жер сілкінісі болмайды. Сейсмология институты мамандары, зілзала болуы мүмкін деген бірқатар ғалымдардың болжамын жоққа шығарды. Соңғы күндері қаладан оңтүстікке қарай 325 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай аумағында жердің сілкінісі тіркелген, бір емес бірнеше рет. Оның қуаты 2-3 балдан аспапты. Дегенмен мамандар: "аталған аудандар сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Сол себепті, бұл қалыпты жағдай"- дейді. Тіпті бәріне бірдей сезіле бермейтін әлсіз дүмпулер күнара болып тұрады деп отыр.

Нұрсәрсен ӨЗБЕКОВ, АЛМАТЫ қ. СЕЙСМОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Алматы өңірінде, Алматының сілкініске қауіпті аймағында 2021 жылы кіші емес толқыны бойынша, 5-те 5-тен асатын, қарқындылығы 7 балдан асатын күшті жер сілкінісі болмайды. Сондықтан да ешқандай алаңдауға негіз жоқ. Негізінен 120-130 шамасында ай сайын тіркеледі. Ол жер сілкіністің қалыпты деңгейі деуге болады.

Ал былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, жалпы ел аумағында 8 мыңнан аса жер тербелісі тіркелген. Мамандардың пайымынша бұл көрсеткіштің қалыпты көрінеді.  

Ә. Лесбек