Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі шу шыққан интернаттың директоры жұмыстан кетті

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2021
  • 2642

Шымкенттегі № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры қызметінен кетті. Арнайы интернатты тексерген комиссия, біраз былықтың бетін ашқан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасы бойынша, мониторингтік топ жоспардан тыс тексеру жүргізген. Соның нәтижесінде мекемеде қызмет алушылардың құқықтарын бұзудың көптеген фактілеріне көз жеткізіпті.

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ:

Кейбір қызмет алушылардың жеке жұмыс жоспарлары, оңалтудың жеке бағдарламасы ескерілмей жасалған. Бұдан басқа, қызмет алушылар жұмсақ инвентармен және киіммен толық көлемде қамтамасыз етілмеген. Қызмет алушылардың киімінің маркировкасы жоқ. Сондай-ақ, асхана, ас бөлмесі, азық-түлік қоймасын тексеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Бұл демек орталықта тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді.

Еске салайық, бұл тексеруге шымкенттік  Әлия Мамутованың жанайқайы негіз болған еді. Ол І-ші топтағы мүгедек қызын арнайы мекемеде 7 жыл бойы әлдекімдердің зорлап келгенін айтып шағымданған еді. Ол аздай ешкімге айтпастан жүктіліктен қорғайтын құрылғы салып қойғанын айтқан еді. Мәселе көтерілгенде орталықтағы бірнеше науқасқа спираль салынғаны белгілі болды. Бұл істі полиция тексеріп жатқанын да хабарлағанбыз. Ал бүгін осы деректерге орай түсауа баспасөз жиынын өткізген жауапты басқарма өкілдері орталық директорының қызметтен өз өтінішімен кеткенін жеткізді. Ал мекемеде мүгедек қыздарды зорлау жәйтіне қатысты тілшілердің сұрағына жауабы қысқа болды.

Нұрғали ЕГЕМБЕРДИЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Енді бұл мәселе бойынша Шымкент қаласы полиция департаменті өзінің құзыретінде, қазіргі барлық тергеу амалдары департамент полиция өзі жасап жатыр. Қазіргі бізге белгілі мәлімет ол бір айға қазір созылды деп жатыр. Не себепті, себебі 2010 жылы сол орталықта қызмет атқарған қызметкерлермен сұрау жұмыстары жасалынып жатыр.

А. Төребекқызы