Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада «Үйдегі дәрігер» әлеуметтік жобасы әзірленген

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2021
  • 1605

Биыл елордада 15 мектеп пен 10 мың пәтер қолданысқа берілмек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының Саяси кеңесі отырысында белгілі болды. Алдағы 5 жылға жоспарланған 10 негізгі мақсат анықталды. Партиялықтардың айтуынша, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру қарқынды іске асырылмақ. Аулалар абаттандырылып, пәтер үлестіріліп, жаңа нысандардың құрылысы бой көтереді. Ал тұрғындардың ауруханада кезегін жеңілдету үшін «Үйдегі дәрігер» әлеуметтік жобасы әзірленген. Бағдарлама аясында 30 дәрігерлік амбулатория, жаңа көпбейінді аурухана мен перзентхана салынады.

Дәулет КӘРІБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Біз ең жақсы үлгілерді алып, қаржыларды ойын-сауыққа емес, нақты мәселелерге жұмсайтын боламыз. Мандат алған депутаттар ең бірінші жұмыс барынсында сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуына күш жұмсайтын болады.

Ғ.Өтемісов