Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте алдағы бес жылда 123 инвестициялық жоба іске аспақ

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2021
  • 1657

Шымкентте 2025 жылға дейін үш ауысымды мектеп проблемасы толықтай жойылады. Мегаполисте 72 мектеп салынады. Бұл қазір құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарынан бөлек. Қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясы депутаттарының бас қосуында айтылды. Олар партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде әзірленген "Жол картасын" іске асырудың тетіктері талқылады. Алдағы бес жылда атқарылатын жұмыстар нақтылады. Фракция отырысына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру арқылы, қаладағы әлеуметтік мәселелер шешілетініне сенімді. Шымкентте алдағы бес жылда жалпы құны 1,36 трлн. теңгені құрайтын, 123 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Сондай-ақ жергілікті халық көгілдір отын, ауыз судан тарықпайды деді.

Альбина ЕЛШИЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бюджетті нақтылау кезінде біраз ЖСҚ бюджетке еніп отыр осы бағыттарда. Бұл дегеніміз бірінші қадам осы бағдарламаны, Жол картасын орындау барысында. Әрі қарайда бақылауда болады.

А. Төребекқызы