Алматы қаласында алдағы бес жылда 15 мемлекеттік және 300-ден аса жеке меншіктегі мектептер салынады. Бұл жоспар «Nur Otan» партиясының «Жол картасында» көрсетілген. Партияның Алматы қалалық филиалына жиналғандар, бүгін жобаның кем-кетігін талқылады. Жол картасы қаладағы біраз проблемаларды шешуге негіз болмақ. Олардың арасында жол, жаңа баспанамен қамту, әлеуметтік нысандар салу бар. 350 шақырым автомобиль жолдарын салу мен 30 шақырымды газбен жабдықтау жоспарланланып отыр. Партиялықтар бұл жұмыстардың іске асырылу барысын бақылауды, мәслихаттағы фракция мүшелерін бекітіп берді.
Мейіржан ӨТІНШИЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Алматыда шет аймақтарды дамыту бойынша су құбырларын, кәріз жүйелерін жүргізу бойынша мәселесі қатаң орындауға алынады. Жалпы 19 медициналық мекемелер, 15 мемлекеттік мектептер, 324 жекеменшік садиктер қарастырылған. Әр тоқсан сайын оның орындалуын бақылауға аламыз.
Ә. Лесбек