Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда 300-ден астам студент пен магистрант оқудан шығарылды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2021
  • 3341

Таразда жалған құжат жасатқан 300-ден астам студент оқудан шығарылды. Олар өңірлік университетке заңсыз жолмен оқуға түскен. Жоғарғы оқу орнында жылдар бойы жалғасқан былықтың бетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ашты. Тараздағы тілшіміз тақырыпты тарқатады.

Кейінгі кезде өңірдегі белді университетке, бірінші семестрден кейін шетелдік оқу орындарынан ауысуға өтініш тастайтындар көбейіп кеткен. Дені Ресей мен Қырғыз елінен. Биылдың өзінде академиялық кезеңнен кейін 400-ден астам адам ауысуға өтініш білдірген. Оның 75 пайызының құжаты жалған болып отыр.
 
Равиль ТӨЛЕБАЕВ, ҚР СЖҚІҚА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Ешқандай Ресейде емес. Біздің елде белгілі бір адамдардың жасап отырған іс әрекеттері. Түбегейлі түбіне дейін жеткізетін боламыз. Студенттермен әңгімелесу арқылы кім арқылы жалған оқу орындарына шыққаны тағы да басқа тексеру амалдарын жүргізетін боламыз.

Жалған құжатпен жоғарғы оқу орнына келген 300-ден астам студент пен магистрант бүгігі күні университеттен шеттетілген. Мамандар олардың ҰБТ мен кешенді тестілеуден өте алмай қалғанын анықтапты. Айлаға басқандар кезінде ақылы негізде оқу үшін де қажетті балл жинай алмаған деп отыр. Алайда олар білім алу ережесіндегі түрлі қиындықтардан айналып өтіп, университетке жалған құжаттарды ұсынған.

Ержан ӘМІРБЕКҰЛЫ, М.Х ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:


Олар кешенді тестілеуге де, Ұлттық бірыңғай тестілеуге де қатыспай шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсіп, белгілі бір академиялық кезеңнен кейін қазақстандық жоғарғы оқу орындарына ауысып келулеріне мүмкіндіктері бар. Өкінішке орай шетелдік жоғарғы оқу орындарынан фактілері дәлелденбеген құжаттар арқылы ауысып келу жағдайлары орын алуда.

Тексеріс кезінді әккі студенттер шетелдік жоғары оқу орындарында оқымақ түгілі, ол жақта тіпті тіркелмегені де анықталыпты. Айлалары әшкере болған оларды, құзырлылар жауапкершілікке тартпайтындары айтты. Өйткені оларда алаяқтардың құрбаны болып есептеді екен. Дегенмен мамандар Тараз университетінен  шығарылғандар, елдегі жекеменшік оқу орындарына түсіп кетеме деп алаңдап отыр.

Б.Жұмабай