Русский Сайттың толық нұсқасы

Зейнетақы қорынан қаражат алуға 160 мыңға жуық адам өтініш жолдаған

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2021
  • 1891

Зейнетақы қорынан қаражат алуға күні бүгінге дейін 160 мыңға жуық қазақстандық өтініш берген. Олардың қатарында ақшаны емдік қажеттілікке жұмсайтындары да бар. Ал, медициналық мақсатта өтініш беру платформасы алдағы бір аптада іске қосылмақ. Бұл туралы бүгін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл санатқа көбіне отандық медицина емдеуге қауқарсыз ауру түрлері енгізілмек.

Жансұлтан МАТАЕВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ»  АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Емделу мақсатында қолданғысы келген адамдар, арнайы мамандардың қорытындысымен тұрғылықты жеріндегі медицинадық ұйымға өтінім береді. Ол ұйымда арнайы дәрігерлік кеңес бар. Сол кеңес 5 күн ішінде қорытындысын айтады.


Брифингте бұдан бөлек, қордағы қаржыны отбасы мүшелеріне аудару мәселесі сөз болды. «Отбасы банкі» басқарма төрағасы аудармаларды үшінші адамның пайдалануына тыйым салынады,-деді. Айта кетейік, елде 760 мыңға жуық адам зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін ала алады. Аталған қаражат емделуге, баспана алуға және ипотекалық қарыздарды өтеу мақсатында ғана қолданылмақ.

Ғ. Өтемісов