Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңатаста қайғылы жағдай орын алды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2021
  • 2448

Жамбыл облысында қайғылы жағдай тіркелді. Бүгін түсауа Жаңатастағы көпқабатты үйде өрт шығып, бір отбасының 5 баласы ыстан уланып, қайтыс болды. Төтенше жағдай мамандары, бұл мезетте 2015, 2016, 2017, 2019, 2020-шы жылдары туған балалар, ересектердің қарауынсыз болғанын айтады. Әкімдік таратқан алдан ала ақпаратқа сай, әкелері жұмыста болған, ал анасы пәтер сыртынан бекітіп дүкенге шығып кеткен.  Қазір қайғы жамылған отбасына аймақ атқамінерлері жан-жақты көмек көрсетіп жатқандарын хабарлайды. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Қазіргі таңда оқыс оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Б. Жұмабайұлы