Русский Сайттың толық нұсқасы

Жасөспірімдер үйіне жындыханадан бригада шақыртылған

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2021
  • 3785

Павлодардағы жасөспірімдер үйіндегі бойжеткендер төбелесіп, орталық басшысы оларға жындыханадан бригада шақыртқан. Осылай - деп шу көтерген  орталық тәрбиленушілері бұл жағдай үнемі қайталанады деп шағымданды. Олар орталық басшысының жұмыстан кетуін сұрап отыр. Жазалаудың жаңаша әдісіне көшкен орталықтағы жағдайды, әріптесім анықтауға тырысты.

«Жас ұрпақ» деп аталатын мына орталықта, ата-анасыз қалған, тұрмыстың түрлі тауқыметімен келген жасөспірімдер тұрады. Қазір мұнда 26 тәрбиленуші бар. Олар тәрбиешілерінің үнемі қорлайтынын айтады. Тіпті орталық директоры жындыханадан бригада шақыртып, бірден облыстық диспансерге аттандыратынын жеткізді.

Ангелина ТОЛМАЧЕВА, ТӘРБИЕЛЕНУШІ:

Біз, екі қыз өзара жарық диодты лентаны бөлісе алмай қалдық. Мен сол кезде саған да, маған да жоқ - деп оны үзіп тастадым. Ол қыз мені екі рет беттен ұрып жіберді. Осы кезде бөлмеге директор келіп айғайлап, қазір бригада мен инспекторды шақырамын - деді. Мені бригада психдиспансерге алып кетті. Бізді тәрбиешілер үнемі қорлайды. Ата-анамызға тіл тигізеді. Ішімдік ішкен кездері де болды.

Ал орталық директорының өз уәжі бар. Ол жындыханадан адам шақыртты дегенді жоққа шығарды. Ал сол жолы жаға жыртысқан қыздарды ажырата алмағанын айтады. Сондықтан полиция мен дәрігер шақыртым деді.  

Айжан ҚОЙСОЙМАСОВА, «ЖАС ҰРПАҚ» ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮЙІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Мен Ангелинаға жақындаған кезде ол ешкімді тындамады. Екінші тәрбиеленушіні іздеп таппақ болып, ашуланды. Біз оны бір бөлмеге тығып қойдық. Қайда екенін айтқан жоқпыз. Бұдан кейін полиция қызметкерлері келіп, өз жұмысын жүргізді. Содан кейін жедел-жәрдем келіп, Ангелинаны аурухана жеткізу керек - деген шешім шығарды. Бұл қызымыз психоневрологиялық диспансерде есепте тұр.


Мәселеген аймақтың денсаулық сақтау басқармасы араласты. Олар орталықтағылардың ешқайсысы арнайы есепті тұрмағанын хабарлады.

Виктория ЕФИМОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қыз бала ауруханаға сағат 17:20-да жедел-жәрдеммен жеткізілді. Дәрігер тексерген соң, жасөспірімді ауруханаға жатқызуға еш себеп жоқ екендігін анықтадық.

Енді бұл дауға қатысты аймақтың білім беру басқармасы қызметтік тексеріс бастады.

Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Біз түбегейлі қызметтік тексеру жүргізейік. Соның нәтижесінде міндетті түрде біз балалардың айтқан нәрселері негізсіз жалған дұрыс емес деп айтпаймыз. Сөз жоқ балалар бірнәрсеге көңілі толмаса, демек, біздің бір жүйемізде ақаулық бар. Соны толықтай жөндеуге барынша күшімізді саламыз.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Аймақтың бас педагогы ешер орталықта кінәлілер табылатын болса, жауапқа тартылатынын айтты. Осыдан кейін ғимаратқа бейнебақылау камерасын қоюды да ойластырып жатқандарын жеткізді.

Ө. Қуанар