Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО полицейлері ереуіл кезінде қолданылатын көлікті сатып алуды көздеп отыр

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2021
  • 1818

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ереуіл кезінде қолданылатын көлікті сатып алуды көздеп отыр. Мемлекеттік сатып алу сайтында жиналғандарға су шашатын техника құны 124 миллион теңге деп көрсеткен. Құзырлы органның талабына сәйкес машинаның сырты соққыға шыдас беретін мықты металмен қапталуы керек.  Ұсыныстар наурыздың төртіне дейін қабылданбақ. Полиция департаментінің бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Құзырлы органдар БАҚ өкілдеріне жазбаша түрде жауап берді.

СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Мұндай техниканы қолдану — полиция органдарының бүкіләлемдік тәжірибесінде бар. Солтүстік Қазақстан облысындағы Полиция департаментінің меншігінде де болған. 15 жылдан артық тұрды, қазір қолдану мерзімі аяқталғанды, әрі техникалық ақаулары бар. Соған байланысты жаңа көлікті сатып алу шешімі қабылданды.

А. Құрманкин