Русский Сайттың толық нұсқасы

Шалғайдағы аурухананың жағдай мәз емес

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2021
  • 2040

Бұл кадрлар желіде желдей есіп жүр. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, шалғайда жатқан Қайнар ауылындағы ауруханада болып қайтты. Дәрі-дәрмек тұрған шкафтың сырын мейірбике білсе керек, мейлінше аймақ басшысына ашқызбауға тырысты. Бірақ облыс әкімі оның кедергісіне қарамастан есікті ашып еді, жерге құлап түсті. Ауылдық емханадағы кабинеттердің тұтқасы, қол жуатын жердің краны жоқ. Рентген бөлмедегі тоқ торабы да тозып тұр. Аймақ басшысы Қайнар ауылындағы сапарында өзге де жағдайларға көңілі толмады.

Облыс басшысы Қайнар ауылының бас дәрігеріне қатаң сөгіс жариялады. Оған тез арада есіктің тұтқасын  бұрап, кранды жөндеп, өзге де тұрмыстық кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Бұған қомақты қаражат қажет емес екенін ескертті. Даниал Ахметов биыл өңірде бұрынғы аудан орталықтарын қолдау бағдарламасы қабылданып, медициналық жабдықтарды жөндеу және сатып алуға қаржы бөлінетінін атап өтті.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бірінші мына перзентхана. Қандай құрал заттар осында әкелу керек. УЗИ-ге отыз жыл болған. Жаңа УЗИ беріңдер. Тағы не керек соның барлығын жоспарлаңдар. Содан кейін іске салыңдар.


З. Санай