Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда той өткізген паркинг иесіне 670 мың теңге айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2021
  • 2320

Ақтау қаласының тұрғындарынан ерекше «лайфхак». Олар елде енгізілген карантинге қарамастан, дүркіретіп үйлену тойын өткізген. Отбасылық жиын көпқабатты тұрғын үйдің паркингінде болды.  

Қазір құзырлы орган өкілдері жиынға келген адамдарды анықтаған. Енді астыртын той жасағандарға 87 мың теңге, ал автотұрақ иесіне 670 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Еркін ЕЛЕУСІЗОВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда Ақтау қалалық әкімдігінің мобильдік тобы қызметкерлері ол бойынша жұмыс жүргізуде. Әрі қарай жадыхат жинақтап, СЭС-ке жолдау әкімдіктің құзырында.


Дегенме елдегі эпидемиологиялық жағдай өзгеріссіз. Нұр-Сұлтандықтарға мамыр айынан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады. Елорданың бас санитарлық дәрігері осыны мәлім етті. Айта кету керек, Қазақстанда екпе егу науқаны 1 ақпанда басталған еді. Осы уақытқа дейін ресейлік «Sputnik V» препаратын 20 мыңға жуық медицина қызметкері қабылдаған. Көктемнің алғашқы күнінен бастап педагогтарға әрі қарай құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салынбақ. Ал, бүгін денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары екпенің 2-ші кезеңін салдырды.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Халық алдында екінші екпені алу себебіміз, вакцинацияның керек екенін, бүгін бірден бір шара осы ауруды жеңудің жолы екенін түсідіру. Өзіміздің организмімізді иммунитетпен қорғау. Сол үшін мынау әзірленген тиімді, қауіпсіз деген вакциналармен екпе алуды сұраймыз.

А. Данияр