Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды белгісіз біреу атып кетті

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2021
  • 2185

Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды белгісіз біреу, атып кетті. Оқиға үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада марқұмның қоқысты контейнерге тастап, қайтып келе жатқаны анық көрінеді. Осы сәтте көліктердің арасынан шыққан қаскөй оны атып кетті. Сәлден кейін қайта оралған қылмыскер оны екінші рет басынан атқан. Тіпті сол маңнан өтіп бара жатқан әйелден де сескенбеген. Ал қаскөйден қорыққан әйел адам тосырқап тұрып қалды. Оқиға куәгері бұл арнайы ұйымдастырылған қылмыс екенін айтты.

КУӘГЕР:

Қылмыскер трансформатордың артында жасырынып тұрды. Ол оны күтіп тығылып тұрған. Ол қоқыс төгуге шыққанда қасынан өтіп барып, артынан атты. Бір емес, екі рет атты. Екінші атқанда оқ дәл басын тиді.

Оқиға орнында қазір жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыскерге іздеу жарияланды. Полиция таратқан ақпарат бойынша қылмыс бүгін таңғы сағат 8-дер шамасында болған. Ал оққа ұшып мерт болған 60 жастағы тұрғын, «KEGOC» компаниясының филиалына тиесілі мекеменің қызметкері екені анықталды. Ол кәсіпорында электрмонтер болып жұмыс істепті.

Ө. Қуанар