Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында 7 адам ажал құшқан ірі жол апатының себептері анықталып жатыр

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2017
  • 3406

Маңғыстау облысында орын алған 7 бірдей адам ажал құшқан ірі жол апатының себептері әлі де анықталып жатыр. Ол туралы автотехникалық сараптамадан соң белгілі болады. Бұл жөнінде аймақтық ІІД өкілдері мәлімдеді. Полицейлер дерегінше, жол апаты кеше кешкісін Бейнеу ауылында орын алған. Бір отбасының 7 мүшесі мінген көлік тойдан қайтып келе жатады. 36 жастағы жүргізуші басқарған шетелдік жеңіл көлік кірпіш қорғанға соғылған. Салдарынан жолаушылар түгел опат болды. Оның екеуі жасөспірім.

Жазира Әбіл, Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Аталған дерек бойынша қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс басталды.  Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар, оқиғаның неден болғаны және қандай себептер әсер еткенін білу үшін, сот автотехникалық сараптамасы тағайындалды. Оның қортындысы шыққан соң, толығырақ ақпарат беретін боламыз.