Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана процесі тағы бір күнге созылды

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2017
  • 2667

Сириядағы қарулы қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған Астана процесінің төртінші раунды үшінші мамырға жоспарланып отыр. Бүгін Ресей, Түркия және Иран елдерінің өкілдері келіссөздердің кезекті отырысын аяқтады.

Кепіл мемлекеттер әзірлеген бірлескен мәлімдемеде «Астана алаңы тиімді рөл атқарып жатыр, алайда қақтығыстың тоқтатылуы туралы айтуға әлі ерте» делінген. Жиында Ресей, Түркия және Иран мемлекеттері Сириядағы соғысты тоқтатуда Астана процесі маңызды рөл атқаратынын айтады. Сондай-ақ, бүгін үшінші мамырға жоспарланған Астана процесінің төртінші раундына Сирия билігі мен қарулы оппозиция шақырылуы мүмкін екені белгілі болды Ал Астанаға келуден бас тартқан  қарулы оппозиция өкілдері келіссөздерге бүгін түнде келетін болды. «Оңтүстік» және «Солтүстік» майданның өкілдері ертең кепіл мемлекеттер өкілдерімен кездеседі деді, - Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Әнуар Жайнақов,  ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

Бүгін түнде «Оңтүстік» және «Солтүстік» майдан өкілдері Астанаға келеді деп күтіп отырмыз. Олар ертең кепіл мемлекеттер, яғни Ресей, Түркия, Иран елдерінің сарапшыларымен оқ атуды тоқтату режимі жөнінде кездесу өткізетін болады.