Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте сағаттап жалға берілетін пәтерлердің бірінде әйел адамның өлі денесі табылды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2021
  • 2787

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден, әйел адамның мәйіті табылды. Полицияға бұл жайында отыз жастағы ер адам хабарлаған. Қазір іс қозғалып тергеу жұмыстары басталды. Оқиға орнында болған түсірілім тобының дерегінше, қайтыс болған адам, шамамен 35 пен 40 жастың аралығында.  Бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, мәйітте тұншықтыру белгілері болған. Күдікті ұсталды дегенмен полиция департаментіндегілер әзірге ресми ақпарат таратпады. Айта кетейік, 8-ші мөлтек аудан, жергілікті халыққа тәуліктік жалға берілетін пәтерлерімен танымал. Мұндағы әр тұрғын үйден, сағаттап берілетін бөлмелер табылады.

А. Төребекқызы