Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда әскерге шақыру SMS- хабарламалар арқылы жүргізіледі

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2021
  • 3522

Қазақстанда әскерге шақырудың жаңаша түрі қолданылмақ. Дүйсенбіден басталатын республикалық науқанға азаматтарды енді телефонына хабарлама жіберу арқылы шақыртады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіне өткен жиында белгілі болды. Биыл көктемде азаматтық борышын өтеуге 13 мыңнан астам жас, тізімге енгізіліпті. Қорғаныс министрлігі 1-ші наурызда басталатын дәстүрлі жүйені 1-ші шілдеде аяқтауды жоспарлап отыр. Айтпақшы, әскерге шақырылатындардан ПТР сынамасы екі мәрте алынатын болады. Сонымен бірге, жаңа жауынгерлерді вакцинациялау, жеке құраммен бірге қызмет өтеу орындарында ұйымдастырылмақ.

Сәкен ЖҮСІПОВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ БАС ШТАБЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ЖҰМЫЛДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Хабардар ету процесін автоматтандыру мақсатында пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті әскерге шақырушыларға SMS- хабарламалар тарату жоспарлануда. Хабарлама жолдау цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "1414" қызметі арқылы жүзеге асырылатын болады.


Департамент басшысы әскери қызмет – бұл әрбір жастың конституциялық міндеті екенін баса айтты. Ал, оны өтуден жалтарғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деді. Сондай-ақ, істі жылы жабу үшін немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруға көмектесеміз деген алаяқтарға сенбеуге шақырады. Сәкен Жүсіпов әскерге күштеп әкетпейміз деп сендірді.

А. Данияр