Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Түркия арақатынасы жандана түспек - Н. Назарбаев

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2021
  • 1723

Қазақстан мен Түркияның арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастардың даму қарқыны жоғары.  Бүгін Елбасы, Түркия Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Тұңғыш Президенттің ресми сайты. Тараптар екі ел арасындағы қатынастардың даму қарқынына баға берді. Әңгімелесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Реджеп Тайып Ердоғанды туған күнімен құттықтады. Бауырлас халықтың игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Ал өз кезегінде Түркия Республикасының Президенті, Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы сөздері үшін алғыс айтып, оның түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің "Құрметті төрағасы" ретіндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Ғ.Өтемісов