Русский Сайттың толық нұсқасы

Nur Otan фракциясы депутаттарының қоғамдық рейтингісі енгізілмек

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2021
  • 1728

Nur Otan фракциясы депутаттарының қоғамдық рейтингісі енгізілмек. Осылайша партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы қайта құрылымдалатын болады. Бұл туралы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Сондай-ақ ол салалық құрамды жақсарту жұмыстарын жалғастырамыз деп отыр. Қала берді, Елбасының бастамасымен саяси ұйым уәде еткен сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру толық қадағаланатынын жеткізді.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНІШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Партия Лидері айтқандай, «Nur Otan»-ның аппараты пандемия кезеңінде тұрғындармен нақты жұмыс жүргізуге бағдарлануы тиіс. Ел көлеміндегі 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі өзара әрекет жасаудың проактивті форматына көшуі тиіс. Оның ішінде әлеуметтік желілер де қамтылуы қажет.


Бір жыл ішінде билеуші партияға 400 мыңға жуық адам жүгінген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бауыржан Байбектің айтуынша, өтінімдердің тоқсан пайызы оң шешімін тапты. Бұл да өз кезегінде партия қатарына келушілердің артуына сеп болды.

Досымжан ТАҢАТАРОВ, ӘНШІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қиыншылық кезінде де, елге келген қандай нәубет, табиғи апат үлкен іс-шаралардың барлығында «Nur Otan» жүргенін бүкіл халық біледі, ұғынады, сезінеді. Сондықтан арнайы мандат алып, партия қатарына қосылғанымызға қуанышытмыз.

Ғ.Өтемісов