Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2021
  • 1752

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Elbasy.kz. Бұл күн - Қазақстан халқының бірлігін паш етеді, мейірімділіктің, өзара көмек пен жақсылықтың жаршысы болып саналады деп атап өткен. Сонымен қатар көктемнің алғашқы күнінде – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезеңде атап өтілуі, бұл мерекеге ерекше сән береді, делінген.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ:

Бүгін біз қазақ халқының рухани ерлігі мен еліміздегі барлық этностардың басына түскен ауыр сынақтарды еске алып қана қоймай, келешекке зор сеніммен қараймыз. Қазақстан қоғамының келісімі мен татулығы ­– сол жарқын болашақтың берік іргетасы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында өрлеу мен өркендеуге бастайтын жол адамгершіліктің айнымас қағидаларына, толеранттылық принциптеріне, төл тарихымызға құрмет пен ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке негізделетінін тағы бір мәрте айғақтап отырмыз.

Т. Оспанбаева