Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2021
  • 3445

Жамбыл облысында жайылып тұрған соғым етін ұрлап кеткен. Жылқы мен қой етін үп-теп кеткен ұры алыстан келмепті. Келеңсіз оқиға Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылында болған.

Іздестіру шаралары барысында, күдікке сол үйдің 33 жастағы күйеу баласы іліккен. Ол малды союға сол күні қайын жұртына жәрдемдесіп жүрген. Түн ауа ет жайылған қораның есігін бұзып кіріп, түгін қалдырмай алып кеткен. Тергеу барысында күдікті ұрлық жасаған сәтте мас болғанын, соғымды асып жеу мақсатында алғанын мойындады дейді полиция өкілдері. Енді ет асып жегісі келген күдікті, қайын жұртының кешірімін алмаса, темір торға тоғытылғалмақ.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көрсетілген бапқа сәйкес, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Б. Жұмабай