Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында табиғи газ тұтынуда көптеген кемшіліктер бар

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2021
  • 2571

Түркістан облысында табиғи газ тұтынуда көптеген кемшіліктер бар. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, жеке тұрғын үйлерді жаппай тексеріп жүр. Газ құрылғылары талап сай орнатылмаған, тіпті кей үйлердің мұржалары жарамсыз күйге түскенін анықтапты. Мамандар үш күннің ішінде қауіпсіздік талабын өрсекел бұзған 4 мыңнан астам фактігі тіркеді.

Нұрғали  ЖҮНІСОВ,  ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Плита дейміз соларды жүйелерге жалғаудың өзінде құбырларды дұрыс жалғамайды. Газ жабдықтары бар мынау құрылғы дейміз котел оларды дұрыс орнатпайды. Едендер жанғыш едендерге жапсарлас орнатылғандары көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар газ құрылғылары орнатылған бөлмелердің талапқа сай болмауы.


Айта кетейін, жаппай тексеріске бір отбасының 5 мүшесі уланып қайтыс болуы себеп болды. 27-ақпан күні қырық жастағы келіншек пен оның төрт перзенті көз жұмған еді. Мамандардың пайымынша, олардың өліміне улы газ себеп болуы мүмкін.

А. Төребекқызы