Русский Сайттың толық нұсқасы

Бір айдың ішінде Қазақстаннан Ресейге 13 миллиард теңге аударылған

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2021
  • 3517

Бір айдың ішінде, қазақстандықтар Ресейге 13 миллиард, ал Түркияға 12 миллиард теңге аударған. Бұл жайында Ранкинг кз порталы хабар таратты. Биыл қаңтар айында, 54 миллиард теңге шекара асып кеткен. Бұл статистикаға тек қарапайым тұрғындардың қаржысы ғана емес, сауда айналымы да кіріп отыр. Бұл тізімде Ресей Федерациясы көш бастап тұр. Мұнан соң Түркия жалғайды. Үштікті Қырғызстан түйіндеген.  Айта кету керек, Ресейдің үлесі жыл сайын кеміп отыр. 2017 жылы шетелдік аударымдардың 47 пайызы ресейліктерге тиесілі болса, биыл олардың үлесі екі есе қысқарған. Ал Түркияға қатысты керісінше өсім байқалуда.

Азамат БАЙМАҒАНБЕТОВ, ЭКОНОМИСТ:

Түркия кететін қаражат көлемінің өсуіне үш себеп бар: біріншісі — демографиялық жағдай. Қазақ азаматтарының көбі қазір Түркияға көше бастаған. Екіншісі — тауар айналымы. Түркия біраз нәрсені Қазақстанға экспорттайды. Ал үшінші себеп бұл — кадр мәселесі. Медицина және құрылыс саласындағы білікті мамандар Түркиядан келіп жатыр. Олар осында ақша тауып, оны өз елдеріне аударатындары айтпаса да түсінікті.

Тәжірибелі экономистің пікірінше, Қазақстан қайта өңдеу саласында әлі де басқа елдерге тәуелді. Қаражатты елдің ішінде сақтап қалу үшін дайын өнім өндірісін ілгерілету керек, деді. Бұл жоспарды инвесторлардың көмегімен жүзеге асыру жеңіл болады, деп отыр.

А. Құрманкин