Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыста биыл 2018 жылғы топан су қайталана ма?

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2021
  • 2104

Шығыс Қазақстан облысында 2018 жылы болған топан су, биыл қайталана ма? Жергілікті билік өкілдері тілсіз жаудың алдын алу үшін шұғыл түрде 94 елді-мекенде бөгеттер салып жатыр. Ол үшін 15 мың тоннадан астам қажетті материалдар сатып алынған. Қазіргі таңда төтеншеліктер өзендердегі қатып тұрған мұздарды жара бастады.

Шемонаиха ауданы маңындағы өзендерде қалыңдығы 60 сантиметрден асатын мұзды бұзу бірінші кезектегі мәселе. Өйткені ол арқылы апаттың алдын алуға болатын көрінеді. Құтқарушылар жарылыс толқыны үйлерге кесірін тигізбес үшін 140-тан астам шұқыр қазып, снарядтарды төменге тастаған. Сондай-ақ соңғы күндері түскен жауын-шашын аймақтағы су тасу қаупін арттырды. Қардың 2 күніндегі көрсеткіші ай сайынғы мөлшерінен асып кеткен. Өзендер мен су қоймаларына жүргізілген тексеріс кезінде, тағы бірнеше өзен-көлде мұз жару жұмыстарының қажеттілігі туды. Осы мақсатта облыстық бюджеттен  2 миллиард теңге жуық қаржы бөлініпті.

Бақытжан МОЛДАХАНОВ, ШЕМОНАИХА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оба өзені ағысында автомобиль көпірінде  жару жұмыстары жүргізілді. Ертеңгі күндері 5-6 наурызда  Вархуба және Убинка деген ауылда Уба өзені ағысында мұзды жару жұмыстары жалғастырылатын болады.


А. Данияр