Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2021
  • 1326

Елбасы, Қауіпсіздік Кеңес төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, кеңес хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады.

Ол Тұңғыш Президентке кеңес отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев бекітілген Стратегия шеңберінде тиянақты жұмыс істеу керектігін және қойылған міндеттердің орындалуын қадағалауды тапсырды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, онда маңызды мәселелерді талқыладық. Тиісті Стратегияны бекіттік, соның аясында жұмыс атқару қажет. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты онда айқындалған міндеттердің жүзеге асырылу барысын қадағалауға тиіс.

Сонымен қатар, Елбасы отандық әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесіне назар аударды. Әсет Исекешев алдағы 5 жылдыққа арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шараларды және азаматтарға төнетін қатерлерді анықтау, оған жол бермеу үшін жасалып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

А. Данияр