Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында 300-ден астам отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2021
  • 2284

Алматы облысында 300-ден астам отбасы баспанасыз қалуы мүмкін. Шенеуніктер 8 жыл бұрын сатылып кеткен жерлерді заңсыз берілген деп, кері қайтармақшы. Бұны естіген тұрғындардан маза қашқан. Бар жиғанына жер алып, үй салуға жұмсағандар енді далада қаламыз ба деп қорқады.

Талғар ауданындағы Құрылысшы ықшамауданында 5 жылдан бері тұрып жатқан халықты, ақ жағалылар сотқа бермекші. Олар жұрттың баспана тұрғызған жерлері заңсыз берілгенін айтып, енді тартып алмақшы. Ал бұқара кезінде заңды түрде сатып алғандарын айтып отыр. Тіпті құжаттарын да көрсеткен.  

Гаухар ӘБИБОЛЛА, «ҚҰРЫЛЫСШЫ» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Біз жерді алған кезімізде акиматтан как положена алдық. Енді келіп бізге қазір Ішкі Істер Департаментіненбіз деп Айдос Жетпісбай деген кісі келді. Бұрынғы әкімнің былықтары шығып отыр. Сол кісі жемқорлықпен айналысып мына жерлерді сатқан дейді. Заңсыз сатқан. Ол қалай сонда жеріміз заңсыз болса. Қалай ол базадан өтеді.

Әділбек ЖАҚҰПОВ, «ҚҰРЫЛЫСШЫ» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үш жыл болды ғой тұрып жатқаныма. Өз атымда қазір үй, жердің бәрі. Сол жерде пропискада тұрамыз семьямызбен. Арестан шығарсын қайтадан. Жекеменшігіміз ғой өзіміздің. Қаншама тырнақтап терген, жиған ақшамыз ғой. Өзіміз сатып алған.

Жергілікті жұрт ауданымызда онсыз да шешілмеген мәселе көп еді деп отыр. Олар әкімдіктен жол, жарық, ауыз мәселесін шешіп беруді сұрап талай хат жазыпты. Бірақ жауабы болмаған.

Ермек ТІЛЕКЕЕВ, «ҚҰРЫЛЫСШЫ» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы ауылға көшіп келгенімізге 2-3 жыл болды. Не жол жоқ, не не жоқ. Мына жерде ағыс бір суымыз бар не бекітілмейді.  Не қоймайды. Су үйді басып кетеді. Жылда жол жасаймыз. Не автобус жүрмейді.

Құжаттарын құшақтап зыр жүгіріп жүрген халықты сабырға шақыру үшін мұнда аудан әкімі мен тәртіп сақшылары жетті. Бірақ шенділер әліптің артын бағыңдар дегеннен арыға бара алмады.

Қайдар ӘБДІХАНОВ, ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Туындап жатқан жиналыс тұрғындардың «осы антикоррдан бір кісі келді», негізі жекешелендіру көбісінің техпаспорттары бәрі бар. Заңдастырылған. Олар айтыпты, сіздікі заңсыз деп. Заңсыз кім берген солар жауапқа тартылады. Сносқа кетсе заң бойынша ақша төленіп алып алады.

Кезінде бұл жерлерді кімнің және қалай сатқанын білу үшін, жемқорлармен күрес қызметінің өкілдерімен тілдеспек болдық. Бірақ ондағылар сауалымызды жауапсыз қалдырды. Дегенмен ондағылар тұрғындарға видео үндеу жолдапты.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қалай болғанда да құзырлылар жер телімдерді қайтаруға шындап кіріскен сыңайлы. Халықтың қорқып отырғаны да осы. Олар енді әкім қаралардың сөзіне сеніп қол қусырып қарап отырмай, адвокат жалдап, қыруар ақша құйған жерлерін өз беттерінше қорғауға кірісті. Ал әкімдік жол мен ауыз су мәселерін биылдан қалмай жасаймыз деп отыр.

Ә. Лесбек