Русский Сайттың толық нұсқасы

«Шаңырақпен» баспаналы болған шымкенттіктер шарапатын көре алмай жүр

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2021
  • 2059

Шымкентте «Шаңырақ» бағдарламасымен баспаналы болғандар, пәтерлеріне кіре алмай жүр. Оларға әу-баста Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы аласыңдар деген. Бірақ наурызда да кіре алмайтыны анық. Әкімдік кезегінде тұрғандарға пилоттық жобамен берілген тұрғын үйде, басқасын айтпағанда жарық пен судың өзі қосылмапты.  

Шуласқан бұл топ пилоттық жоба «Шаңырақтың» шарапатын көруден ниеттілер-тін. Мемлекеттік бағдарламамен пәтер алды деген аты болмаса, бес қабатты тұрғын үйдің тек сыртынан торуылдап жүр. Өйткені көшіп келуге мүмкіндік жоқ. Газ бен кәріз жүйесін айтпағанда, су мен жарықтың өзі қосылмапты.

Арайлым ЕРТАЙ:

Январь айынан бастап біз платеж төлеп жатырмыз. Уже февраль, март үш ай платеж төлеп отырмын. Екі балам бар. Уже үш айдан бері невозможно болып кетті. Екі жақта менде шығын болып жатыр кәдімгідей.

Шолпан САМБЕТОВА:
 
Қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Жалдамалы пәтергеде төлеп жатырмыз, ипотекаға да төлеп жатырмыз. Жалдамалы пәтерге 70 мың төлесек, ипотекаға 98 мың шығады. Соның бәріне екі айдан бері үндемей отырмыз, енді бұдан артық күтуге болмайтын сияқты. Жауап беретін адамдар жауап берсе.

Қарашада пәтер таңдаған көпшілікке, жаңа жылды осында қарсы аласыңдар деп сендірген. Бірақ көшіп келмек тұрмақ, жауын-шашында мұнда аттап баса алмадық дейді.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бұл үйлердің құрылысы желтоқсан айында аяқталғанмен инфрақұрылымы әлі бітпеген. Айналаның бәрі батпақ. Қазылған шұқырлардан міне тұрғындар «қыл көпірден» өткендей өтеді.  

Пилоттық жобамен берілген бұл баспананы салған корпорация, мердігер ғана емес, тапсырыс беруші де өздері екен. Олардың сөзіне сенсек, тұрғын үй құрылысы толық аяқталған. Мемлекеттік қабылаудан да өтіп қойыпты. Ал инженерлік инфрақұрылымды жүргізу міндеттеріне кірмейтін көрінеді.

Айдар ЕСАНБЕКОВ, «АҚ ОРДАСЫ» КОРПОРАЦИЯСЫ» БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Келісім шартта жоқ ол сыртқы жағдайы жоқ. Сыртқы жұмыстарына қазір тендер ойнатылып жатыр. Тендер шықса сыртын бітіреді, сосын кіре беруге болады. –Қазір кіре беруге болмай ма? –қазірде кіре беруге болады. Бірақ су жоқ, свет жоқ, газ жоқ, қалай кіреді.

60 пәтерлік қос тұрғын үйдің елушақты пәтері "шаңырақ" пилоттық жобасымен сатылыпты. Бірақ әлі тұрғындардың ешбірі қолдарына кілт алмаған. Шыдамы таусылған бұқараны пәтеріне кіріп көруге рұқсат бермеді. Олар бүгін шаһар басшысынан көмек сұрап, әкімдікке барды.

Алайда, екі сағат тосқан халыққа әкімнің орынбасары жөн айтты. Шенеунік біткен үйдің инженерлік инфрақұрылымын жүргізетін мердігердің таяуда анықталғанын жеткізді.

Басы қатқан халыққа басу айтқан әкім орынбасары несиені тоқтату туралы мәселені көтеріп көрмек. Құрылысты да жеделдетуге күш саламын деп отыр. Алайда үш айдан бері құрғақ сөзден шаршағанжұрт бұл уәдеге қаншалықты сенуге боларын білмей екіұдай күйде тарасты.  

А. Төребекқызы