Өркениеттен қалыс қалған ауыл. Түркістан облысына қарасты Шоқтас елді-мекенінің халқы облыс орталығына тиіп тұрғанмен, өгейдің күйін кешіп отыр. Бұқара жол, ауыз су мен жарықты айтпағанда балалардың білім алуына да жағдай жоқ, - дейді. Карантин басталғалы онлайн оқуы тиіс оқушылар, интернеттің жоқтығынан сабақты да ұмытқан сыңайлы.
Қырық үйлі Шоқтас ауылы аудан орталығы Кентаудан жиырма шақырым ғана қашықта орналасқан. Соған қарамастан 150- ге тарта халық, санда бар болғанмен, санатта жоқпыз деп өкпелі. Өркениеттің жалғыз белгісі - бір ғасыр бұрын салынған, мына - ескі мектеп. Екі-ақ сынып бар, онда бастауыштың балалары оқиды.
Гауһар НҰРМҰРАТОВА, ШОҚТАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Связь деген жоқ. Связь ұстау үшін дачаға барып, сол жерден сөйлеседі, бір точка бар. Балалар оқып жатқан жоқ осы пандемия басталғалы бір бала мектепке барған жоқ. Бәрі ауылда. Онлайн, қандай онлайн? Онлайн деген мүлдем жоқ бұл ауылда.+Әкімдер бұл ауыл вообще воздухта тұр дейді. Сонда біз осынша жыл кімге налог төлеп келіп жатыр екенбіз?!
Шоқтаста жол да жоқ. Әсіресе жауын-шашында қатынас қиындайтын көрінеді. Басы ауырып, балтыры сыздаған жұрт жедел жәрдемнің өзі жете алмайтынына ашулы. Ауылға тым болмаса емхана салып берсе болар еді дейді.
Бақтылы АБДУЛЛАЕВА, ШОҚТАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бізге жедел жәрдемде жоқ. Бір медсестрамыз бар. Ол анау дача деген жерде тұрады. Оған бір кішкене ғана болса да отыратын жер болса дейміз, е оның бір отыратын жері жоқ. Бізге ешкім келмейді, біз әйтеуір далада қалған адамбыз.
Ауыл тұрғындары суға да жарымаймыз десті. Негізінен көрші ауылдан есекпен тасып ішеді. Көшедегі шүмектен ұдайы аға бермейтін көрінеді.
Әбдіқұл ЖАППАРҚҰЛОВ, ШОҚТАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Су мына дачадан келеді бізге. Су бірде болады, енді ерік соларда. Берем десе береді, бермеймін десе бермейді.
Шоқтастықтар мәселені шешудің оңтайлы жолы, өздерін тиіп тұрған Хантағы ауылдық округінің Саяжай қарамағына қосу деп санайды. Білулерінше қазір жаңадан құрылып жатқан Сауран ауданына қосып жатқан көрінеді. Біра ол бұл елді-кекенге алыс деп отыр. Шенеуніктер болса, күрмеуі қиын мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Айдос БАЙЖАНОВ, ШАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Әрбір құжат, әрбір жасалатын жұмысқа өздерінің бір уақыт процестері бар. Сол процесстеріне сәйкес, шамалы тоқтау болып жатыр. Оның бірі жаңағы Сауран ауданының құрылып жатқаннан кейін тоқтап жатыр.
Бұл болашақтың еншісіндегі дүние. Әзірге қуантарлық жаңалықтары жоқ сықылды. Жол, жарық пен ауыз суға әл-әзір қаржы қаралмаған. Демек, шоқтастықтардың күтуден басқа амалы қалмай тұр.
А.Төребекқызы