Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент ұшақтың не себепті апатқа ұшырағынын анықтауға тапсырма берді

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2021
  • 1652

Сол сияқты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та, ұшақ апатына опат болған әскерилердің отбасыларына көңіл айтты. Ол өзінің Твиттердегі парақшасында 4 адамның өмірін жалмаған АН-26 әуе кемесінің құлауына, не себеп болғанын анықтауға тапсырма бергенін жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Мұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек.

А. Данияр