Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда сирек кездесетін ойыншықтардың көрмесі ашылды

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2021
  • 2613

Оралда сирек кездесетін ойыншықтардың көрмесі ашылды. Мұнда осыдан жарты ғасыр бұрын, балалардың қолынан түспеген бұйымдарды да табуға болады. Ұйымдастырушы коллекционердің сөзінше, бұл ойыншықтар сол кездегі балабақшаларда кеңінен пайдаланылған. Ол, бұл жәдігерлерді ұзақ жылдар бойы жинағанын айтады. Тіпті кейбірін алыс-жақын шетелдерден де алдырыпты. Мысалы, «Арман үйі» деп аталатын мына ойыншық кешені, кәдімгі үй сияқты толық жабдықталған. Мұндай ойыншықтар сал ауруына шалдыққан балаларға, таптырмайтын дүние екенін айтты. Көрмеден түскен қаржы, ауыр дертке тап болған батысқазақстандық бөбек Эмир Шахмаровтың еміне жұмсалмақ.

Іңкәр СЕРІКҚЫЗЫ, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МҰРАЖАЙЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Көрмені естігеннен кейін халық бей-жай қарамай, көрмеге келіп, қол ұшын беріп жатыр. Соның ішінде бір қала тұрғыны келіп, қомақты қаражатын беріп, баланың болашақта сауығып кетуіне тілегін айтып, өзінің басынан өткендіктен елеңдеп жатыр.


Е. Карин