Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 11 жылын түрмеде өткізген зейнеткер бостандыққа шықты

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2021
  • 2742

Атырауда 11 жылын түрмеде өткізген зейнеткер, бостандыққа шықты. 63 жастағы қария Тараз қаласының тұрғыны. Ол есірткі сату дерегімен істі болған. 2010 жылы героин сату үстінде ұсталып, сот оны 15 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан зейнеткерді, қызы күтіп алды. Ол қартайған шағында қылмыс жасағанына өкінетінін айтты. Қария алдымен отбасына оралып, дүниеден озған туыстарына дұға бағыштаймын,- деп отыр. Айта кетейік, УГ-157де 11 әйелдер коллониясында, қазір 160-тан астам қыз-келіншек жазасын өтеуде.  Олардың көбі алаяқтық және адам өлтіру бабымен сотталған.

Медет АДЖИКУЛОВ, ҚАЖД УГ-157/11 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ішкі тәртіп ережесін сақтап, үлгілі тәртібі үшін марапатталып, сол марапатымен жинақталған құжаттарды өтініші бойынша сотқа жолдадық. Сот сол өтінішін қанағаттандырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатты. УГ-157 мекемесінде зейнет жасындағы 3 сотталған бар. Олардың негізгі баптары алаятық бабымен сотталғандар.

Б. Надірқызы