Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы шешімімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде ауыс-түйіс болды

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2021
  • 2949

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімімен бүгін аталған кеңесте ауыс-түйіс болды. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлайды. Русланбек Бекжігітов - Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен, ал Ерлан Абдақасов Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды. Елбасы шешімімен Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне Расул Қабдоллаұлы тағайындалса, Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметін атқару міндеті Данияр Нұрашұлы Есинге жүктелді.