Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда бір отбасының табиғи газдан улануына жол берді деген күдікпен жеке фирманың директоры қамалды

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2021
  • 3857

Түркістанда жеке тұрғын үйге көлгілдір отын қосқан жеке меншіктегі компанияның директоры қамалды. Бұл мекеме газ иісіне уланып қаза болған бүтін бір отбасы тұрған үйді отынға қосқан.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Түркістанда уланып, бес адамның қаза болған жәйтіне байланысты қазіргі таңда күдіктілердің бірі анықталып, қамауға алынды. Ол –Түркістан қаласының тұрғыны, фирма директоры. Оған қатысты Түркістан облысы полиция департаментінің тергеушілерімен ҚР ҚК 306 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  


Полиция бұл іске қатысты күдіктілер саны артуы мүмкін екенін айтты. Еске салайық, Түркістанда 27-ақпан күні жеке үйлердің бірінен жас ана мен оның төрт баласының денесі табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша адам өліміне улы газ себеп делінген. Оқиға орнында жұмыс істеген мамандар үш бөлмелі үйге табиғи газ тартылғанымен, баспананың иран пешімен жылытылғанын анықтаған еді. Егер күдіктінің заңсыз әрекеті расталса, ол төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

А. Төребекқызы