Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда көпбалалы отбасына пәтер кілті табысталды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2021
  • 1991

Қарағандыда көпбалалы отбасына 5 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Салтанатты шара «Nur Otan»  партиясының облыстық филиалында өтті. Көпбалалы ана Жаңыл Дүйсенбаева "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы кезінде, өзінің қиын тұрмыстық жағдайын айтып, көмек сұраған
еді. Партиялықтар өтінішті жауапсыз қалдырмаған.

Көпбалалы ана Жаңыл Дүйсенбаева 20 жыл бойы жалдамалы пәтерде өмір сүрген. Аядай ғана бөлмеде 12 адам жан бағыпты. Баспаналы болған естіген ана, көптен күткен үйін көруге асықты. Жылдар бойы жалдамалы үйде жан баққан ана қуаныштан көзіне жас алды. Сайлауалды насихат кезінде алтын құрсақты ана,  "Nur Otan" партиясына жүгінген. Тілегі былай тез орындалатынына сенбеген ол, жомарт жандарға алғысын білдірді.

Жаңыл ДҮЙСЕНБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:


Қазргі таңда өте қуаныштымын партияға және осы көмекті көрсетіп отырған серіктестік басшысына үлкен алғысымды айтамын. Тек ғана жақсылық болсын.

Мұқтаж отбасына өңірдегі құрылыс компаниясы көмек көрсетіп отыр. Олар пәтер үлестіруді дәстүрге айналдырған. Партиялықтармен бірлесіп жыл басынан бері 5 пәтерді тегін үлестірген. Серіктестік басшысы мұндай игі іс әрі қарай да жалғаса беретінін атап өтті.

Айдос МҰҚАТАЕВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Әр імізден бір пәтер беріп отырамыз. Бүгінгі Жаңыл апамыз 6 баласы бар екен, 7 немере бағып отыр. Біздің дәстүрімізде бар, аналарды қалдырмай, жесірін жылатпаған елміз ғой. Отбасы мүшелері елдің дамуына үлес қосса екен деген тілегіміз бар.


Жаңа пәтер Наурыз мерекесі қарсаңында, "Бақытты отбасы" жобасы аясында беріліп отыр. Бес бөлмелі жайлы тұрғын үй Қарағанды қаласының қақ ортасында орналасқан. «Nur Otan» партиясының облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова бүгінде әрбір адамның лайықты өмірін қамтамасыз етуге тиіспіз деді. Ол алдағы уақытта әлеуметтік жобалардың көптеп ұйымдастырылатынын жеткізді.

Ғ. Өтемісов