Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2021
  • 2187

Атыраулық шенеунік пара алды деген күдік бар. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Серік Хамидолла, мерекеден соң жұмысқа шығысымен ұсталған. {ЗКТ: }Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының дерегінше, шенеунік жұмысқа қабылданған әрбір шетелдік азамат үшін, жұмыс берушілерден 500 мың теңге пара алған.

Асқарбек ЕРМҰҚАШЕВ,  АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЖҚІҚ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ м.а.:

Күдікті 2020-2021 жж ЖШС директорынан шетелдік жұмыс күшіне рұқсат қағазын беруге көмек көрсетіп, жалпы қамқорлық үшін пара алған. Қазір қылмыстық іс тергелуде. ҚІЖК 201 бабына сәйкес тергеу  мүддесіндегі өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.


Айта кетейік, Серік Хамидолла бұл лауазымды орынға 2 жыл бұрын тағайындалған болатын. Жалпы осы салада 20 жылға жуық еңбек еткен. Ол облыс тұрғындары арасында қайырымдылық істерімен өте танымал. Сондықтан болар, көпшілік оның мұндай әрекетке баруы мүмкін емес,- деп жаппай жазба қалдыруда.


Б. Нәдірқызы