Елордада да коронавирус бойынша жағдайы өте күрделі. Күннен-күнге эпид ахуал шиеленісіп барады. Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері науқастардың саны 2 есеге өскенін мәлімдеді. Ал, бас дәрігер Тимур Мұратов сырқаттанушылардың 50 пайызын 3 пен 10 жас аралығындағы балалар құрайды, деді. Бас қалада тіркеліп жатқандардың басым бөлігі індеттің симптомды түріне шалдығыпты. Күніне стацонарларға түсетін 50 адамның 10 пайызы тікелей жансақтау бөліміне жатқызылатын көрінеді. Сөзінше, астананың жұқпалы аурулар ауруханасындағы реанимациялық орынның 62-сі ғана бос.
Тимур МҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Пандемияның өршіген шағымен салыстырсақ эпидемиологиялық жағдай өткен жылдың жаз айларына ұқсас болып келеді. Қазіргі уақытта науқастар ауыр және өте ауыр түрде түсіп жатыр. Әсіресе, бұл егде жастағы және де 40-60 жас аралығындағы азаматтар.
Сархат Бейсенова қала маңына блок-бекеттер қою жоспарда жоқ дейді. Эпид ахуал қиындаса локдаун енгізілетінін жеткізді. Айтпақшы, бүгін бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Кинотеатрлар мен көңіл-көтеру орындары баяғыша жабық болмақ. 9 және 11 сыныптан басқасы қашықтан оқу форматына ауысады. Бұлардың қатарында колледж бен жоғары оқу орындарының студенттері де кіреді. Сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді. Қоғамдық көліктер де жексенбі күні жүрмейді.
А. Данияр