Русский Сайттың толық нұсқасы

Көлік салығын сәуірдің 1-не дейін төлеу қажет

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2021
  • 1453

Былтырғы жылдың көлік салығын сәуірдің 1-не дейін төлеу қажет. Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың декларациялау науқаны жалғасып жатқанын еске салды. Төлеу процесін жеңіл ету мақсатында «e-Salyq Azamat» қосымшасы іске қосылған. Ол арқылы үйде отырып салықты төлеуге болады. Дегенмен бұл салада мәселе жоқ емес.  9 мыңға жуық көлігін сатқан азамат, әлі күнге салық төлеу міндетемесінен құтылмағанына шағымданған.

Азамат САДЫҚОВ, ҚР ҚМ МКК ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ӘКІМШІЛЕНДІРУ ЖӘНЕ АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


Біз бұл жағдайдың барлығын зерттедік. Нәтижесінде көліктердің тіркеуде тұрғанын, бірақ сатып алушыға қайта рәсімделмеген. Сондықтан салық бұрынғы иесіне жазылған. Ұрланған көліктерге келер болса, ол үшін салық төлемейсіз. Бірақ сіздің қолыңызда ұрланғанын растайтын тиісті құжат болған жағдайда ғана.  


Ә. Өмірзақ