Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда аудандық полиция басшысы қарамағындағыларға вакцина алуға бұйрық берген

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2021
  • 2479

Атырауда короновирусқа қарсы екпе алуды талап еткен полицей, әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Жылыой аудандық полиция бөлімінің басшысы қарамағындағыларды вакцинаны бірі қалмай алуға бұйрық берген. Басшының аудиожазбасы әлеуметтік желіге желдей есті. Аудиожазбаны тындап көрейік.  

Ерболат ДОСМАҒҰЛОВ,  АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ ПБ БАСШЫСЫ:
 

Жеке құрам, бәріңе ескертіп айтамын. Вакциянация барлығыңызға міндетті. Қазірден бастап алып қалыңдар. Бүгін сменнен, ертең смен дегенді білмеймін. Хитрый вариант ненадо. Бәрің вакцина алу керексіңдер. Бәрің. Бірің қалмай.  


Ерболат Досмағұлов сондай-ақ кезекті еңбек демалысында жатқандарды да тез арада шақыруды бұйырған. Ал бас тартқандарды полиция департаментінің кадр бөліміне барып, түсініктеме жазу керектігін ескертеді. Қатал басшының бұл бұйырғы ұнамаса керек. Аудио бірер сағатта халық арасына жаппай тарап үлгерді. Бір кеште желінің жұлдызына айналған Ерболат Досмағұлов бүгін таңертең полицейлерді екпе алуға ешкім мәжбүрлеген жоқ,- деп ақталып видео үндеу таратты. Ал полиция департаментінде аудиожазбаға қатысты тексеріс басталған. Айта кетейік, 16 наурыздан бері Атырау полицейлерінің 20 пайызы, яғни 460 адам вакцина қабылдаған.  Облыста күні бүгінге дейін қанша полицей қауіпті инфекцияны жұқтырғаны туралы ақпарат жоқ.

Ерболат ДОСМАҒҰЛОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ ПБ БАСШЫСЫ:


Дәрігерлермен күресте алдыңғы шепте  жүрген полицейлердің де сақтығы үшін вакцина салдыру кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан осы аудиожазбаны жолдағам. Алайда ешкімді күштеп не мәжбүрлеп вакцияна салдыруға апарған жоқпыз.

Б. Нәдірқызы