Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның сыртқа қарызы 160 млдр АҚШ доллары, - депутат

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2021
  • 2167

Парламенттегі "ақжолдықтар" сырттан қарызға алынған қаржының орнымен жұмсалуын талап етіп отыр. Бүгінде Қазақстанның берешегі 160 млрд. АҚШ долларынан асады, әрі бұл көрсеткіш өсе түсуде. Бірінші вице-премьер Әлихан Смаиловқа депутаттық сауалын жолдаған мәжілісмен Андрей Линник осыны айтты. Депутат ірі жобаларды жеке кәсіпорындар жүзеге асырғанымен, салмағы қарапайым халыққа түсетінін жеткізді. Мысалы, Еуропалық қайта құру және даму банкі жалпы сомасы 9,4 миллиард доллардан асатын 280 жобаны қаржыландырыпты. Оның жартысынан астамы жеке секторға тиесілі. Ол ол ма, елордада мектеп салатын құрылыс компаниясы білім ошағын 7,5 миллиард теңгеге бағалапты. Ал мемлекеттің осындай мектепке бекіткен бағасы 2 миллиард теңгеден аспайды. Сондықтан сырттан қарызға алған қаржыны босқа шашпай, орнымен жұмсаған жөн деді.

Андрей ЛИННИК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АҚ ЖОЛ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Сондай-ақ, Семей қаласында қоқыс өңдейтін полигонды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша 6,8 млрд теңгеге салу жоспарланған. Дәл осындай полигон Батыс Қазақстан облысында небәрі 200 млн теңгеге салынды. Сонда Семейлік қоқыс төгетін орын Оралдағыдан 34 есе қымбатқа шығайын деп тұр! Сала өкілдері де жобаның құны қолдан өсірілгенін айтады.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Семей қаласындағы «Келешек» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мақсұт Нигметовтың хаты жарияланды. Шенеуніктердің қоқыс полигонын салу туралы бастамасына қарсы шыққан ол, қоқыс тарифі 14 есеге өсетінін ескертеді. Кәсіпорын басшысы сыбайлас жемқорлықтың кесірінен полигон құрылысы бірнеше есеге қымбаттағанын мәлімдеген еді. Кейін әлеуметтік желіде Мақсұт Нигметовты полицейлердің алып бара жатқаны жарияланды, дейді депутаттық сауалында Андрей Линник.

Е. Карин