Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздағы саяжай тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2021
  • 2365

Тараздағы 28 саяжайдың тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Олардың қала шекарасына кіргеніне де 10 жылдан асыпты. Осы күнге дейін құдықтан су ішіп келген бұқараның жағдайы ушыққан. Өйткені құдықтан су шықпай қалған. Амалы таусылған жұрт, облыс орталығын ауыз сумен қамтып отырған су стансаның іргесіндегі - тазартылмаған суды ұрлап ішуге мәжбүр. Арнамыздан араша сұраған халықтың жанайқайын аймақтағы әріптесім жеткізеді.  

Арнамызға хабарласқан «Лето» кооперативі тұрғындарының қала қарамағына өткеніне 10 жыл болған. Содан бері жөнделген жолды, не тартылған суды көрмедік дейді базыналы бұқара. Айтуларынша, қаланы тіршілік нәрімен қамтып отырған су қоймасының түбінде тұрып, өздері ауыз суға жарымай келеді. Былтырдан бері жағдай тіпті қиындапты. Жер астындағы су мөлшерінің төмендеуіне байланысты, құдықтардан су шықпай қалған.

Қызғалдақ ЖІБЕКОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Құдықты қазып жатырмыз, шықпайды. Су деңгейі төмен түсіп кеткен. СКЛ Су қазатын трактор келіп қазып еді, кеше көршімді,150 мың деп еді. Енді келмейміз бұл районға. Бұл районда су қазып шығару өте қиын. Қазатын тракторымыз сынып қалды. Бұл жаққа келуге мүмкіншілік жоқ деп жатыр.

Қазір кооператив тұрғындары жақын жердегі «Жамбыл су» стансасынан тіршілік көзін тасып ішуге мәжбүр. Ал ондағы су тазартылмаған. Оның үстіне тиісті мекемеден рұқсатта жоқ.

Гүлбағира ӘБДІРАМАНОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Үйде қария кісілер бар,немерелеріміз бар, бәріміз халық болып мына водоканалдан су тасимыз. Кешке дейін.біреудің денсаулығы бар, біреудің денсаулығы жоқ, бәрі көтере бермейді су тасуға.

Ерік СЕЙІТМҰРАТОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Городской водоканал естіп қалмасын, олар естісе ертең жауып тастайды, ешқандай су алынбасын дейді. Сол кезде отырады, бәрі сусыз отырады.

Әкімдік өкілдері тұрғындардың стансадан суды тасып ішуі заңсыз деді. Себебі, стансадағы судың құрамы белгісіз, әрі зерттелмеген,- дейді. Қала билігі мұндай проблема тек бұл аумақта ғана емес екенін айтып, сабырға шақырады. Сондықтан таза су тартылғанға дейін амалдай тұру қажет екенін айтты. Бірақ құрылыс жұмыстары қай уақытқа дейін созыларын өздері де айта алмады.

Зият ТҰРСЫНҰЛЫ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ол енді үлкен аумақ. 28 саяжай деген оңай емес. Бір-бірінен алыс орналасқан, алыс шақырымдар. Сондықтан ол жерге бөлек водозабор соғу керек. Ол жерде енді жаңа массивтар болады. На перспективу жаңа водозабор керек. Ол бірақ өтпелі құрылыс жоба болады.

Қазір қалаға қарасты саяжайлардың басым бөлігіндегі басты проблема ол таза ауыз су болып тұр. Одан бөлек көше жарығы мен жолдың жыры тағы бар. Ал әкімдік бәріне бірдей су тартып беру қиын екенін айтады. Оны жүзеге асыруға 1 миллиард теңгеден астам қаражат қажет дейді.

Б. Жұмабайұлы