Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда пара алған қос полицей қомақты айыппұл төлейтін болды

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2021
  • 1751

50 мың теңгенің есесі. Қостанайда жол сақшылары жазаға тартылды. Экс-полицейлер алған парасын алпыс есе айыппұлмен қайтаратын болды. Пара беруші де жазадан құтылған жоқ. Полицейлерге ақша ұсынған жеке фирма қызметкері 500 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал шенінен айрылған қос сақшының әрқайсысына 3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Олар бір айдың ішінде қомақты ақшаны өтеуі тиіс.Төлей алмаған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады.

Зәуре ЕДИКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қостанай қаласының нөмірі екінші соты пара алды деп айыпталған екі полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды. Белгілі болғандай олар 2020 жылы қыркүйек айының 10 күні облыс тұрғынынан 50 мың теңге пара алған. Сот үкімімен  кінәлі деп танылып әрқайсысына 3 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және атақ-шендерінен айрылды.


Елу мың теңге алған екі полицей мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушіні жазадан жалтармақ болыпты. Айта кетейік бұған дейін аудандық сот шешімімен шенділерге пара берген фирма қызметкері 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Енді тағы жарты миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттеліп отыр.

З. Санай