Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында дала өртінен тағы адамдар қаза тапты

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2017
  • 2638

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында дала өрті кезінде зардап шегіп, ауруханада жатқан екі адам қайтыс болды. Бұған дейін өртті ауыздамақ болған ауыл әкімі мен мектеп директорының орынбасары қаза тапқан еді. Жерлестері оларды бүгін ақтық сапарға шығарып салды. Жақсыбек Кемал баяндайды.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Қайғылы оқиға бүгін Темір ауданында да болды. Дала өртін сөндіруге көмектесу үшін келген 62 жастағы адам қаза тапқан. 1977 жылғы тағы бір ауыл тұрғыны күйікпен ауруханаға түскен. Ал Әйтеке би ауданында ауруханаға түскен екі адамды да құтқару мүмкін болмаған.

Ауруханада жатып қайтыс болған адамдардың жасы 38 және 48-де. Алғашқысы Сұлукөл ауылындағы мектепте күзетші болып қызмет істеген. Енді бірі - ауылдағы шаруа қожалығының жұмысышысы екен. Олардың денелерін түгел күйік шалған. Санавиация ауданға арнайы барғанмен, мамандар зардап шеккендерді тасымалдауға болмайды деп шешкен.

Гүлнар Мәмбетжанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Мүмкіндік өте аз болды. Денелерінің  95-100 пайызы күйген. Дәрігерлер қолдарынан келгенінің бәрін жасады. Санавиация барды. Бірақ, тасымалдау мүмкін емес еді. Дәрі-дәрмек жеткілікті болды. Астанамен де хабарласып отырдық. Олар келгісі келгенмен, үлгермеді. Білікті мамандарымыз бар. БІрақ, өкінішке орай, олардың жағдайы өте нашар болатын.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, өрт сөндіруге шыққан еріктілердің үстінде қызыл жалыннан қорғайтын арнайы киімдері болмаған. Ондымен  жергілікті әкімдік қамтамасыз етуі тиіс екен.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Төтенше жағдай жөніндегі комиссияның төрағасы - ол облыс әкімі немесе оның орынбасары. Сәйкесінше, жергілікті атқарушы органдарға шара қабылдайтын солар. Ал, Темір, Әйтеке би аудандарындағы қайғылы жағдайдың себебі анықталып жатыр. Темір ауданындағы адамның қалай қайтыс болғаны да анықталатын болады.

Осылайша дала өртін ауыздамақ болған 5 ауыл тұрғыны бақилық болып отыр. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жақсыбек КЕМАЛ