Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде өртте қаза тапқандардың туыстарына мемлекеттен өтемақы беріледі

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2017
  • 2269

Еріктілер өртті ауыздықтау кезінде қаза тапса, кәсіби өрт сөндірушілер секілді туыстарына мемлекеттен өтемақы беріледі. Мұны Ақтөбедегі қайғылы жағдайға қатысты телефон арқылы пікір білдірген Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко айтты. Бұрынғы Төтенше жағдай министрі адамдардың өрт кезінде қалай әрекет ету керек екенін білмеуі мен техниканың жоқтығы - басты себеп деп отыр." Ал барлық ауылды техникамен қамту мүмкін емес. Оған қаражат қолбайлау", - дейді. Биыл өрт техникасын сатып алуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеген. Өйткені Ішкі істер министрлігі оның қаншалықты қажет екенін қорғап, дәлелдей алмады, - дейді депутат.

Владимир БОЖКО, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Биыл өрт техникасына ешқандай қаражат бөлінбегенде қатты таң қалдым. ІІМ-гінің техниканы сатып алу қажеттігін қорғай алмауы қисынсыз. Оның аса маңызды екенін Қаржы министрлігіне дәлелдей алуы керек. Ал шөп өсе береді. Күн де ысиды. Еріктілердің өрт бірлестіктерін құру керек. Германияның өрт күзетінің 60 пайызын еріктілер құрайды. Францияда 40 пайызы еріктілер. Еріктілік пен өрт қауіпсіздігін насихаттау керек.