Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрылыс басында құлаған құрылысшы, жұмыс берушіден емге кеткен шығынын талап етті

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2021
  • 2921

Алматыда құрылыс нысандарының бірінен 26 жастағы құрылысшы құлап кеткен. Бас миы шайқалып, іш құрылысы жарақаттанған. Науқас болған жайтқа құрылыс компаниясын кінәләйді. Айтуынша жұмыс беруші мекеме, қауіпсіздік талаптарын сақтамаған. Әрі жұмысшымен келісім-шарт жасаспапты. Енді ол емге кеткен шығынын өндіріп алмақшы. Айтып өтейін, бұл келеңсіздік наурыздың 7-сі күні болған.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

26 жастағы құрылысшы дәл мына нысанның үшінші қабатынан құлаған. Ол онда мынадай бетондарды кесумен айналысып жүріпті.

Жапа шеккен құрылысшы, сол сәтте үстінде ешқандай сақтық құралдары да болмағанын айтты. Аурухананың жансақтау бөліміне түскен, оған дәрігерлер сол күні ота жасаған. Ақ халаттылар бас миы шайқалып, кеуде және іш құрылыс жарақаттарын анықтаған. Қазір ем-домын үйде жалғастыруда.

Қуаныш ДОСЫМБЕК:

Мені 10-шақты адам өздерінің буткасы сияқтысы бар, сол жерге сүйреп апарды. Беті-басым қан, мұрным қанаған еді.

Қуаныш құрылыс басында сақтық шаралары қарастырылғанда, бұл жағдайға түспес едім деп отыр. Ол ақпанда ғана осы жұмысқа тұрған. Жұмыс берушілер тіпті келісім-шартта жасасып үлгермеген.

Қуаныш ДОСЫМБЕК, ҚҰРЫЛЫС КЕЗІНДЕ ҚҰЛАҒАН:

Тікелей олардың кінәсі болған. Бұлардың объектісіне жұмысқа кірмей тұрып, тех.безопасностқа қол қойғызып олар, сөйтіп барып жұмыс бастау керек. Ал бізде ондай болмады. Маған ешнәрсе болмас еді, ремень безопасности болған кезде.

26 жастағы құрылысшы отбасының жалғыз асыраушысы. Тұрып жатқан мына баспанасы несиеге алған. Құрылыс компаниясы болса, көмек бермек түгілі, айлығымды бермеді деп отыр.   

Әлия САЛМАНОВА, ЖҰБАЙЫ:

Повторный осмотрға баруымыз керек еді негізінде, төлемақыларын жоқ деп қабылдаймай отыр оларда.

Зардап шеккен тарап, жұмыс беруші ең аяғы кешірім де сұрамағанына наразы. Ал аты дардай құрылыс мекемесі мұндағы жұмыстарды қосалқы құрылыс компаниясына тапсырған екен. Бірақ ондағылар Қуаныштың жұмысқа қабылданбағанын айтқан.

Мәди ЖҰМАҒАЛИЕВ, НЫСАННЫҢ БАСШЫСЫ:

Ол кісі бізде жұмыс істеген жоқ. Бізге жұмысқа қабылданбаған. Бізде договор «ТОО Высокаямен». Субподрядная организация былай айтқан кезде. Жексенбі күні біз жұмыс істемейміз. Ол баланы өзінің жолдастары шақырған ба мен білмеймін, каким-то образом кіргізген.

Компания өкілі ер адамның айыптауымен келіспейді. Шығынды да өтеп бергісі жоқ. Заңгерлер болса, төсекке таңылған құрылысшыға сотқа арыздануға кеңес берді. Өйткені құрылыс мекемесінің келісім-шарт ұсынбағаны, ол заңбұзушылық болып табылатынын жеткізді.
 
Қайрат ЖҰРТБОЛОВ, ЗАҢГЕР:

Біріншіден оқиға сол жұмыс берушінің аумағында болған жағдай. Ол ойнап жүрген жоққой. Екіншіден сонымен жұмыс істеген, әріптесермен куәгерлермен сөйлеуге болады. Дәлелдемелерді жинап барып сотқа шағымданып, өндіріп алуға болады. Келісім-шартсыз жұмыс істегені жұмыс беруішінің ол үлкен қателігі. Заңбұзушылық. Жұмыс беруші салық төлеуден жалтарады да сондай пиғылдар жасаған.

Қазір науқас Полицияға шағым түсірген. Ал Полиция сот-медициналық сараптама тағайындаған.

Ә. Лесбек