Русский Сайттың толық нұсқасы

21-ші тамыз бен 6-шы қыркүйек аралығында теңге 2,6 пайызға құнсызданды

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2017
  • 2159

21-ші тамыз бен 6-шы қыркүйек аралығында теңге 2,6 пайызға құнсызданды. Бұл АҚШ долларына шаққандағы есеп. Мұны Ұлттық банк хабарлады. Ұлттық валюта құнының әлсіреуіне сарапшылар мәлімдемесі әсер еткен көрінеді. Сондықтан долларға сұраныс артса керек.

Ұлттық банктің хабарлауынша, 5-6 қыркүйектен бері теңге бағамы тұрақтады. Егер мұнай бағасының баррелі 50 доллардан төмендемей, рубльдің долларға шаққандағы бағамы 60 рубльден аспаса, теңге бағамы сақталмақ. Бұл Ұлттық банк болжамы.