Русский Сайттың толық нұсқасы

Адам құқы жөніндегі уәкілдің үндеуі

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2016
  • 2104

Еліміздегі Адам құқығы жөніндегі уәкіл Асхат Шәкіров Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атына орта мектептерде аптасына бес күндік оқу жүйесін енгізіп, демалысты азайту мәселесіне қатысты үндеу жолдады.

Қоғамда педагогтар, ата-аналар мен басқа да топтар арасында оқу жылын ұзартып, жазғы демалысты қысқарту туралы хабар түрлі пікір тудырып, бұл өзгеріске қарсы әлеуметтік желіде қол жинау басталған.Уәкілдің пікірінше, тараптар арасында диалог болмаса, бәрі керісінше шығуы мүмкін.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл қазіргі мектеп бағдарламасында оқушыларға түсетін пәндік жүктеме көп екенін және олардың кейбірін иә жойып, иә біріктіру қажет екенін айтады. «Бес күндік оқу жүйесіне өту реформасы оқу пәндері мен демалыс күндерін механикалық тұрғыдан қайта бөлу жолымен емес, қайта қарап, бағдарламаны оңтайландыру арқылы жасалуы тиіс»,- дейді уәкіл.

Жаңа оқу форматына кәсіби, ғылыми тұрғыдан зерттеліп барып көшу қажет екені айтылады. Климат және басқа да факторлардың ескерілуі тиістігіне тоқталған.

 Маған ең ұнаған тұсы – бұл мәселеге байланысты балалардың өздерінің де пікір білдіруге қақылы екенін еске салғаны. 

«Бала құқы туралы Конвенцияның 12,13-баптарына сәйкес, балалар өздеріне қатысты барлық мәселе бойынша пікірі мен көзқарасын еркін білдіруге қақы бар /Әрине, жасы ескеріледі/».  Алайда құқықтар көп болғанымен, тіршілікте қолданбайтынымыз, қолдана алмайтынымыз қайта «жерге» түсіреді...