Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан ОПЕК келісімін мүлтіксіз орындап отыр - Қ.Бозымбаев

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2017
  • 2769

Қазақстан ОПЕК келісімін мүлтіксіз орындап отыр. Тіпті, кейбір айларда артығымен. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деп мәлімдеді. Ресейлік "Независимая газета" Ресей Орталық банкі сарапшыларының Қазақстан ОПЕК шартын бұзды деген мәлімдемесін таратты. Энергетика министрінің айтуынша, қазіргі таңда ұйымға мүше емес сырттан тартылған 11 ел келісімшартты 90 пайзыға орындап отыр. Керсінше, ОПЕК-тің байырғы мүшелері, оның ішінде Ливия, Нигерия тарапы мұнай өндірісі көлемін межеден асырып жіберген дейді.

Еске салайық, былтыр жыл соңында ОПЕК-ке мүше елдер мен тағы 11 ел өзара мәмілеге келген. Онда тәулігіне мұнай өндірісін 1,8 млн баррельден асырмау керек делінген.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Тамыз айы туралы айтсақ, Қазақстан өз міндетін артығымен орындады. Қазақстан 1 млн 700 мың баррель алуы керек-тін. Минус 20 мың. Сонда 1 млн 680 болуы керек еді. Бізде 1 млн 643 шықты. Қыркүйектің алғашқы 7 күні де дәл солай болды. Қазақстан жалпы жыл бойына келісімшартты толық орындайды. Бір айда кем, бір айда артық болуы мүмкін.

Ал, Астанаға газ тарту үшін шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Жобаның техникалық негіздемесін құрған "Қазтрансгаз" бен оны тартуы тиіс "Қазмұнайгаз" қазір қаржы тартуға қауқарсыз. Өз қарыздары бастан асады. Сондықтан министрлік басқа компанияларды іздестіріп жатыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

"Қазмұнайгаздың" қарызы өте көп. Олар не серіктестер табады немесе біз, министрлік, басқа компаниялар табамыз. Олар іске асыратын болады.