Қостанайда кәріз суына мұнай өнімі араласып кеткен. Қауіпті құдық "Қазнет" қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Мына бейнежазбада жерге төгілген кәріз суына от тигізгенде оның жанғанын көруге болады. Экологтар көшедегі құдықтан және Тобыл өзенінен сынама алынғанын хабарлады. Сараптама қортындысы жуықарада жарияланбақ. Содан кейін ғана кәріз суына қандай сұйық қосылғанын, қаншалықты ластанғанын айта аламыз деп отыр. Сонымен қатар департамент мамандары мұнай өнімінің қайдан ағып келгенін де анықтауда.
Зияда БИСАҚАЛОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Сынама алынған құдыққа жақын жерде мұнай өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпорын бар. Және сол кәсіпорынның өзі тексеріс жүргізілсе деген ниет білдіріп отыр. Олар да кәріз құдығына мұнай өнімінің қайдан ағып келгенін анықтағысы келеді. Біздің мамандар олардың өнім сақтайтын орындарын, құбырларын, ұңғыламаларын тексеретін болады.
З. Санай