Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жедел-жәрдем қызмектерлері үстемақы талап етті

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2021
  • 3036

Ал, Атырауда жедел жәрдем қызметкерлері тиісті төлемдерден қағылып отырмыз деп шу шығарды. Айтуларынша мерекелік сыйақы алуды әлдеқашан ұмытқан. Қауіпке бас тігіп, коронавирус жұқтырған науқастарға көрсеткен еңбегіміз де лайықты бағаланбай жатыр - дейді. Ал басшылық болса, бұл уәжбен келіспейді. Тараптар дауын, тілшіміз тыңдады.  

Бұлар – облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшерлері, көлік жүргізушілері мен кіші медицина қызметкерлері. Олар пандемия кезінде қауіпті індетпен бетпе-бет кеп, тәуекелге бел буған еңбегіміз бағаланбай жатыр деді. Айтуларынша, жалақыға жыл басталғалы тиын қосылмаған. Ал басқа медициналық ұйымдар жиі алатын сыйақы мен дифференциалды төлем, жедел-жәрдемдегілерге бұйырмай қалғанына өкпелі.   

Бағдагүл АХМЕТОВА, ФЕЛЬДШЕР:


Окладым 77 мың болса, окладқа 125 мың деп қойып қойды басына. Есептеп келгенде сол сумманы алып тұрмын мен.  2020дағы сумма 2021 дегі сумма почти бірдей. Оның қосылған ештеңе көріп тұрған жоқпыз. Сосын былтырдан бері ковидқа бөлініп жатқан ақшаны бізге дұрыс төлемеуде. Соны түсіндіріп берсе. Осы жағдайды талап етіп отырымыз.

Алмагүл ҚАЮПОВА, КІШІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕКТЕРІ:

Біздің талап ететініміз өзімізге тиесілі үстемақы, ол мен шығарған заң емес, ол сіз шығарған заң емес.  Ол - Тоқаевтің шығарған заңы. Ол заң болды ма, заң орындалу керек. Кеше де сменде жүргенде әзер жүрмін.  Больничныйға түсуге қорқам.  КТ тапсырмақ тұрмақ, проездге ақшам жоқ қазір. Кеше февраль айында 69 мың жалақы алдым.


Кіші медицина қызметкерлері, короновирус жұқтырған науқасты әкелген жедел жәрдем көлігін тазалағанеңбегімізге үстемақы төлемей қойды деп отыр. Қауіпті індетті жұқтырған науқас ауруханаға баруға келіспесе, алғашқы көмек көрсеткен фельдшерге де арнайы төлем төленбейді,- екен.

Дана ҚҰЛМАҒАМБЕТОВА, ФЕЛЬДШЕР:

Барып тұрғанда ауру отказ береді «бармаймын»,- деп. Бірақ расында кви оң нәтиже болады.  Ол кісімен контактада болдық қой былай қарасақ. Бірақ ол кісіге ауруханаға бармаса төленбейді. Біз контактада болдық неге төленбейді десек, төленбейді. Үйде қалып қойды,- дейді.

Айнұр СӘРСЕНОВА, ФЕЛЬДШЕР:

Жұмыста смарт телефонымызбен ай сайын 4 мың тг салып тарифке кіріп телефонымызды қолданамыз. Планшетіміз жасамай қала береді әлсін-әлсін. Қыс бойына қақап тұрған қыста далаға шешінеміз. Сырт жаққа гараждың қасына. Сап-салқын.

Алайда жедел жәрдем станциясының басшысы, қызметкерлерінің бір де бір сөзімен келіспей отыр. Олар жалақыны мен үстемақыны белгіленген тәртіп бойынша төлеп отырмыз,- деді. Ал сыйақы беретін артық ақшамыз жоқ,- деп қайырды.

Бауыржан ТӨЛЕГЕН, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:


Қазіргі таңда наурызға т,б мерекелік шараларға үнемделген қаражат болмайтын болса, біз оны қалай береміз. Біздің мекеме кредиторлық бережаққа кіріп кетеді ғой.
 
100-ден астам адам ұжымдық арызған. Жиналғандардың арыз-шағымына денсаулық сақтау басқармасы басшылары да тындады.

Қайсар ӘБДӘЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кімнің тарапынан қысым жасап жатыр айтыңыздар. Егер анықталса, шара қолданамыз. Мен өзім дайынмын, әрқайсысымен жеке жеке сөйлесіп,  барлық айтқан арыз-шағымдар бойынша  анықтап соның шешімін нақтылап беруге біз дайынбыз.

Қазір еңбек инспекциясы  ұжымдық арыз бойынша тексеріс  бастады.

Б. Надірқызы